Kaspi Жұма 20, 21 және 22 маусымда өтеді #shorts

4 Просмотры
Издатель
Бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі 20, 21 және 22 маусымда өтеді. Осы үш күн ішінде қазақстандықтар көптеген тауарларды Kaspi.kz серіктестерінен тиімді бағамен, 70%-ға дейін жеңілдікпен және көтеріңкі бонуспен сатып ала алады!

Жаз – белсенді кезең: жөндеу жұмыстарын жасау, киім жаңарту, демалысқа шығу, ал күннің ыстығында – ауа баптағыштар, тоңазытқыш, бассейн, күннен қорғайтын көзілдірік және жайлы өмірге қажет басқа да заттар ауадай қажет. Барлық адамдар өздерін және жақындарын жақсы, пайдалы заттармен қуанту үшін Kaspi.kz тағы да Kaspi Жұма-ны өткізеді.

Биылғы Kaspi Жұма-ға Adidas, ADILI, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Қазақювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, Mon Amie, Nike, Pandora, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Sman, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit және басқа да сияқты танымал дүкендер мен брендтер тағы да қатысады.

Kaspi Жұма-ны тек тұтынушылар ғана емес, қазақстандық кәсіпкерлер де асыға күтеді. Бұл күндері олар сауда көлемін бірнеше есе ұлғайтып, бизнесін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашады. Ал мемлекет үшін бюджетке түсетін салықтың артуы және электрондық сауданың дамуы сынды тиімділігі бар.
Категория
Кредит наличными
Комментариев нет.