«Ұмай» әйелдер бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

49 Просмотры
Издатель
Бүгін Отбасы банкте «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қабылдау басталды. Биыл гендерлік бағдарламаға 15,6 миллиард теңге қарастырылған. Баспаналы болуға айлығы 640 мың теңгеден аспайтын әйелдер үміткер бола алады. Алатын пәтердің құны 30 миллион теңгеден аспау керек. Пайыздық мөлшерлемесі - 14,4 % болатын кредит кем дегенде 6 ай, ең ұзағы -25 жылға рәсімделеді. Егер үміткердің ай сайынғы отбасылық табысы 550 мың теңгеден аспаса, бар-жоғы 15 пайыз бастапқы жарнамен үй ала алады. Ал кірісі 550-640 мың теңге аралығында болса, қолында баспана бағасының 20 пайызы болу керек. Әйелдер бағдарламасына өтінішті онлайн түрде Отбасы банктың интернет порталында немесе консультациялық орталықтарында рәсімдеуге болады.

Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness
Instagram - https://instagram.com/atameken.business/
Instagram - https://www.instagram.com/inbusinesskz/
Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz
Atameken Business Sport - https://t.me/atamekenbusiness_sport
Facebook - https://www.facebook.com/inbusiness.kz
Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness


«Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz

Atameken Business Programs - https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #ҚазақстанЖаңалықтары
Категория
Кредит онлайн
Комментариев нет.