КТК: Қазақстан жаңалықтары 26.03.2024

37 Просмотры
Издатель
Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)

ОЙНАСТЫҢ ОЙРАНЫ
Жеңіл жүрісін жасырғысы кеп, қаршадай қызының жанын қиған! 7 жасар бүлдіршіннің қазасына қатысты сотта бүгін қанды қылмыстың жай-жапсары жария болды.

ҚЫЗЫЛ СУДЫҢ ӘЛЕГІ
Көмексіз болмайтын түрі бар! Бірнеше ауданын су тасқыны әбігерге салып жатқан Ақтөбе облысына көрші өңірлерден құтқарушылар келеді. Ал қырдан аққан қызыл су үйлерге кіріп жатыр.

КІМНІҢ МЕНШІГІНДЕ?
Мұнай өңдеу зауыттары ресейлік компанияларға сатыла ма? Ел арасында желдей ескен ақпаратқа Энергетика министрі жауап берді.

САУСАҚСЫЗ РӘСІМДЕЛМЕЙДІ
Онлайн кредит биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана рәсімделмек. Несие аламын деп ниеттенгендер енді саусақ іздерін ұялы телефондарына тақап жеке басын растауы тиіс.

ТЫНЫСЫ ТАРЫЛДЫ
Зияны 16 есе! Онсыз да экологиясы нашар Атырауда ауаға тараған күкіртсутегінің мөлшері еселеп артып, тұрғындар жағымсыз иіске тұншығып отыр.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары
Категория
Кредит онлайн
Комментариев нет.