Кәсіпкерлікпен айналысамын деп ниеттенген жастар бес миллион теңгеге дейінгі сомада несие ала алады

68 Просмотры
Издатель
Енді елімізде кәсіпкерлікпен айналысамын деп ниеттенген жастар бес миллион теңгеге дейінгі сомада несие ала алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық жоба аясында жастарға жеңілдікпен кредит берудің қағидасын бекітті.
Мұндай мүмкіндікке 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар іліге алады. Ал қолға алынған жобалар конкурстық негізде қаралады. Бизнес жоспары байқаудан басып озған жастар «Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік қоғамы арқылы 5 миллион теңгеге дейінгі сомада жеңілдетілген несие алады. Оның жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2 жарым пайыздан аспайды. Бірақ кепілдің болуы міндетті. Кез келген мақсатта алынатын микрокредитті өтеу мерзімі 5 жыл болса, мал шаруашылығына 7 жылға дейін уақыт беріледі. Бұған қоса, негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген. Яғни, бұл кезең несие алған мерзімнің үштен бір бөлігін қамтиды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір жергілікті атқарушы органдармен және несие беруші корпорациямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ал бизнес жоспарларды қарайтын өңірлік комиссиялар жуық арада құрылатын болады.
.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал
Категория
Кредит онлайн
Комментариев нет.