31 қазанда Алматыда Kaspi.kz таныстырылым өткізді, компанияның басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе миллиондаған қазақстандықтың өмірін ыңғайлы, қауіпсіз ететін және мақтануға тұрарлық технологияларды ұсынды.
Kaspi.kz-тің әр таныстырылымы – бұл болашаққа жасалған қадам. Бұл кеш Қазақстанда жасалған технологиялар өмірді қалай өзгертетінін тағы көрсетті.
Басты жаңалық — картасыз, телефонсыз, интернетсіз алақанды терминалға жақындатып төлейтін Kaspi Alaqan сервисі.
Kaspi Alaqan-ның көмегімен Kaspi Банкоматта жеке басты растауға болады.
Технология өте қарапайым және қауіпсіздік деңгейі жоғары — тіпті клиенттерге бұрыннан таныс, күн сайын Kaspi.kz қосымшасын, Kaspi Банкомат пен Картоматты пайдаланған кезде миллиондаған пайдаланушыны қорғайтын Kaspi ID-дан да жоғары.
Аралас жекпе-жек чемпионы, «Қазақстанда жасалған» атты Kaspi.kz кампаниясының кейіпкері Шавкат Рахмонов тура сахнада бірінші болып алақанмен төлем жасады.
Kaspi Alaqan биыл желтоқсан айында Алматыда, содан кейін бүкіл елде қолжетімді болады.
Сондай-ақ Михаил Ломтадзе кәсіпкерлерге арналған тағы екі құрал ұсынды.
Kaspi AI – Kaspi Магазин серіктестеріне арналған «Ақылды көмекші». Ол тауар карточкасын жасауға көмектеседі: фотосурет таңдайды, сипаттамаларын толтырады және сипатын ұсынады. Бұрын бірнеше сағат алатын жұмыс қазір бірнеше минутта орындалады. Соңғы шешімді серіктес қабылдайды. Kaspi AI 2026 жылғы қаңтарда пайда болады.
«Сыртқы жарнама» серіктестерге тауарларды Kaspi.kz-тен тыс ілгерілету мүмкіндігін ашады. Жарнаманы Instagram, Facebook, Google және TikTok-тың миллиондаған сатып алушысы көреді. Сервис қарашада іске қосылады.
«Kaspi.kz — адамдар мен бизнес үшін технологиялар әзірлейтін команда. Өмірді жеңілдетіп, мүмкіндіктерді кеңейтетінін сервистерімізді мақтан тұтамыз. Барлық клиенттер мен серіктестерімізге сенім артқаны үшін рақмет айтамыз. Сіздердің арқаларыңызда Kaspi күн сайын жақсарып келеді», - деп атап өтті Михаил Ломтадзе.
Kaspi.kz адамдарға қызмет ететін, бизнестің өсуіне көмектесетін және инновация әлемінде еліміздің көшбасшылығын нығайтатын технологиялар әзірлеп, Қазақстанда жасалған экожүйені дамытуды жалғастырып жатыр.

- Категория
- Кредит наличными
Комментариев нет.