ХАЛЫҚТЫҢ 250 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРЫЗЫ КЕШІРІЛЕДІ

4 Просмотры
Издатель
Қазақстандықтардың 250 миллиард теңге қарызы кешіріледі. Оның басым бөлігі несие. Берешек бойынша рақымшылық 66 мыңға жуық адамға жасалады деген жоспар бар.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, елдің берешегі борышкерді банкрот деп тану арқылы тоқтатылмақ.

Белшеден асатын қарыздан құтылуға мүмкіндік беретін банкрот болу тетігі осыдан 3 жыл бұрын іске қосылды. Содан бері борышкерлер сотпен немесе соттан тыс жүгіну арқылы банк пен қаржы ұйымдары алдындағы берешегін тоқтатты. Бірақ қаржыгерлер қауымдастығы енді талапты күшейтуді ұсынып жатыр. Әсіресе ипотекасы бар борышкерлерге арналған банкроттық ережелерін қатаңдату керек дейді.
Категория
Кредит наличными
Комментариев нет.