Қарызын жаңа несие алып жабуға мәжбүр халық алаяқтардың жеміне айналған

59 Просмотры
Издатель
Қарызын қарыз алып жабуға мәжбүр халық интернет алаяқтар үшін оңай олжаға айналды дейді депутаттар. Яғни, тығырыққа тірелген адам әп сәтте мойнына жүздеген пайыздық несиенің қалай рәсімделгенін аңғармай қалады. Мысалы, өткен жылы алаяқтар кредит әперемін деген желеумен 3022 қазақстандықды алдап соғыпты. Биыл бар-жоғы үш ай ішінде 475 қылмыс тіркеліп отыр. Тіпті олар кісінің сеніміне кіріп, телефонына бір ғана қосымша орнатқызу арқылы қыруар қарызға батыра алады дейді депутаттар. Сол үшін электрондық үкімет базасында онлайн несие рәсімдеуге тыйым салу жолдарын қарастыруды ұсынып отыр.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
– Осыған байланысты, біріншіден азаматтарға микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн несие рәсімдеуге электрондық үкімет базасында тыйым салудың мүмкіндігін тездетіп енгізу; Екіншіден, елімізде заңсыз лотереялардың, қаржы пирамидаларының және өзге де заңсыз қаржылық операциялардың күресті күшейту; Үшіншіден, әлеуметтік желілерге кешенді мониторинг жасап, онлайн жарнаманы алаяқтық мақсатта пайдаланатын топтарды бұғаттау.







Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 https://www.youtube.com/@informburo31kanal
Informburo kz https://www.youtube.com/@informburokz2022
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал
Категория
Кредит онлайн
Комментариев нет.