Kaspi.kz Лондон мен Қазақстандағы сервистердің қалай жұмыс істейтінін көрсетті

12 Просмотры
Издатель
Еліміздің жетекші телеарналарында жаңа жарнамалық ролигіміз шықты. Бұл жолы біз үйреншікті нәрселерге шетелдіктердің көзімен қарау үшін Лондонға аттандық.

Жаңа бейнероликте Kaspi Гид Гани Ажикенов пен британдық Джеймс Ұлыбританияда адамдардың қалай ақша аударатынын, тауарларды онлайн сатып алатынын, ұшақ билетін ресімдейтінін және мемлекеттік қызметтерді алатынын әңгімелейді. 

Қазақстанда бұрыннан бір ғана үздік Kaspi.kz қосымшасында оңай, ыңғайлы әрі үйреншікті  болған нәрселер Ұлыбританияда әлі де көптеген сервисті, сайттар мен қосымшаларды қажет етеді.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Біз әрқашан ерекше мақтанышпен: «Kaspi.kz – Қазақстанда жасалған» деп  айтамыз. Біз үшін бұл жай ғана сөз емес. Біздің командамыз Қазақстанда және қазақстандықтар үшін инновациялық сервистерді үлкен сүйіспеншілікпен жасайды. Біз сүйікті клиенттерімізбен бірге әлемдік деңгейдегі өнімдер мен сервистерді осында, өз елімізде жасауға болатынын дәлелдедік. Бізбен бірге болғаны үшін әр сүйікті клиентімізге рақмет айтамыз!»  

Бейнероликті дәл қазір көріп, алған әсеріңізбен пікірлерде бөлісіңіз!
Категория
Кредит онлайн
Комментариев нет.