Kaspi.kz-тің қолдауымен Tynyq тобы туралы фильмнің тұсаукесері өтті

63 Просмотры
Издатель
3 желтоқсанда еліміздің жетекші арналарында қазақстандық инновациялық Kaspi.kz компаниясының Tynyq отандық музыкалық тобы туралы фильмнің түсіріліміне демеушілік жасағаны туралы сюжет шықты. Фильмнің тұсаукесері продюсер Айсұлтан Сейітовтің «OYU Live» жобасының YouTube арнасында өтті.

Жас музыканттар өз жолын енді бастады, заманауи қазақ поэзиясы мен музыкасының ерекше үйлесімі олардың шығармашылығына бірегей рең берді. Дәл осы ерекшелікті Kaspi.kz байқап, қолдау көрсетуге шешім қабылдады. 

Жақында Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе мен режиссер Айсұлтан Сейітов кездесіп, ары қарай да бірлесіп жұмыс істейтінін талқылады.
Категория
Кредит наличными
Комментариев нет.