Kaspi.kz — Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының бас демеушісі #shorts

36 Просмотры
Издатель
Kaspi.kz пен Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы (CPFED) Қазақстанда спорттық бағдарламалауды дамытуға және насихаттауға бағытталған демеушілік қолдау туралы келісім жасасты.

Қол қойылған шарттың аясында Kaspi.kz республикалық және халықаралық жарыстарды, оқушыларға, студенттер мен ересектерге арналған білім беру іс-шараларын өткізуді қоса алғанда, Федерацияның негізгі бастамаларына қаржылық қолдау көрсетеді. Бұл ынтымақтастық спорттық бағдарламалауға қолжетімділікті арттырады және Қазақстанда осы салаға қызығушылық танытқандардың барлығына жаңа мүмкіндік ашу жолындағы маңызды қадам болады.

Спорттық бағдарламалау – бұл алгоритмдік ойлау және бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, стандартты емес есептерді шешу дағдылары дамитын IT, білім, ғылым және спорттың бірегей үйлесімі.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Kaspi.kz-тің миссиясы – адамдардың өмірін жақсартатын инновациялық сервистер құру. Біз дарынды қазақстандықтарға өз қабілетін көрсетуге, сүйікті ісімен айналысып, елінің даңқыншығаруға көмектесетін жобаларды қуана қолдаймыз. Бізде көптеген жылдар бойы деректерді талдаушылар мен бағдарламашылар оқытудан өтетін Kaspi LAB жобасы бар. Біз киберқауіпсіздік бойынша жарыстарды қолдаймыз. Енді қуана-қуана спорттық бағдарламалау федерациясының демеушісі болып отырмыз. Барлық спортшы-бағдарламашыларға өз жетістіктерімен әлемдік аренада Қазақстанды танытуына тілектеспіз!»

Бағдат Мусин, Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы: «Бизнеспен серіктестік — бұл жастардың маңызды белгісі: олардың білімі, табандылығы мен дамуға деген ұмтылысы жоғары бағаланады және қолдау көрсетіледі. Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балаларға өздерін көрсетуге, IТ-ге қадам жасап, бүкіл еліміз үшін маңызды болашақтың бір бөлігі болуға мүмкіндік береміз. Әсіресе елдегі ең ірі технологиялық ойыншылардың бірі – Kaspi.kz-тің қолдайтыны ерекше мәнге ие. Федерация қазірдің өзінде спорттық бағдарламалауды белсенді дамытып жатыр: біз республикалық және халықаралық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары мен оқыту өткіземіз. Kaspi.kz-пен бірге біз Қазақстанның жастары үшін бұдан да ауқымды әрі маңызды жобаларды жүзеге асыра аламыз. Біз бірігіп, интеллект еліміздің дамуы мен ілгерілеуінің негізгі ресурсына айналатын ортаны жасаймыз!»

CPFED — Қазақстандағы спорттық бағдарламалаудың қозғалтқышы. Федерацияның мақсаты — халық арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және дамыту, сондай-ақ халықаралық және республикалық жарыстарда қазақстандық қатысушылардың нәтижелерін арттыру.

Kaspi.kz-пен серіктестік спорттық бағдарламалау экожүйесіне мектеп оқушыларының, студенттер мен азаматтардың басқа санаттарының көбірек қатысуына мүмкіндік бере отырып, осы қызметтің ауқымын кеңейтеді.
Категория
Кредит наличными
Комментариев нет.