Kaspi.kz OYU live музыкалық жобасының 7-маусымының бас серіктесі атанды

46 Просмотры
Издатель
4 шілдеде еліміздің жетекші телеарналарында OYU live жобасының жетінші маусымының басталғаны туралы сюжет шықты. Музыкалық жобаның мақсаты – Орталық Азияның жас әрі талантты музыканттарына жол ашу.

Kaspi.kz инновациялық компаниясы алғаш рет OYU live жобасының бас серіктесі болды. Бұған дейінгі маусымдар өз күшімен түсіріліп келген. Ұйымдастырушылар Kaspi.kz-пен ынтымақтастық орнату қазақстандық музыканы бұдан да жоғары деңгейге көтеріп, жаңа жұлдыздардың жануына ықпал ететініне сенімді.

Түсірілім «Қазақфильм» тарихи киностудиясы павильондарының бірінде өтті.

Жетінші маусымның шығарылымдары әр бейсенбіде @oyulive арнасында шығып отырады.
Категория
Кредит наличными
Комментариев нет.