Алаяқтық: әлеуметтік желілердегі жалған дүкендер

22 Просмотры
Издатель
Instagram-да онлайн-дүкендердің артында алаяқтар жасырынуы мүмкін. Олар сенім тудыру үшін жалған парақшалар жасайды, жазылушылар мен пікірлердің санын көбейтеді. Содан кейін жоқ тауарды сатады. Тапсырыстың ақысын төленгеннен кейін аккаунт та, онымен бірге ақшаңыз да жоғалады.

Мұндай жағдайға тап болмау үшін тек тексерілген дүкендерді ғана таңдаңыз. Сенімді сатушының әрқашан сайты, байланыс деректері, қолдау қызметі және сатып алушылар жазған нақты пікірлер болады. Ал сатып алған кезде ол чек пен жүкқұжатты беруге міндетті – бұл тауарды қайтара алатыныңыздың немесе айырбастай алатыныңыздың кепілі.

Сақ болыңыз!

Есіңізде болсын:
• Тапсырыстың ақысын жеке тұлғалардың жеке карталарына ақша аударып төлемеңіз.
• Бейтаныс сілтеме бойынша өтпеңіз.
• Бейтаныс адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз және төлем жасамаңыз.
Категория
Кредит наличными
Комментариев нет.