Әлеуметтік желілердегі алаяқтық: ұтыс ойындарына, сауалнамалар мен конкурстарға қатысқаны үшін ақша

34 Просмотры
Издатель
Алаяқтар «Бірнеше сұраққа жауап берсеңіз, 100 000 теңге сіздікі болады!» – деп уәде береді. Олардың мақсаты: сенгіш азаматтарды алдау арқылы фишингтік сайтқа тартып, олардың құпия деректерін алу.

Әлеуметтік желілерде пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп, сол үшін ақша алуды ұсынатын жарнаманы кездестіруге болады. Алаяқтар сенгіш адамдарды осылайша алдайды. Олардың мақсаты: салық, алым төлету сылтауымен ақша табу – кез келген сылтауды ойлап табуға болады.

Ұмытпаңыз, ақша жеңіл жолмен келмейді.

Сақ болыңыз!

Есіңізде болсын:
• Картаның деректемелері мен SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз.
• Бейтаныс сілтеме бойынша өтпеңіз.
• Бейтаныс адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз және төлем жасамаңыз.
Категория
Кредит наличными
Комментариев нет.