Енді онлайн рәсімделген несие шотыңызға тек 24 сағаттан кейін түседі

25 Просмотры
Издатель
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: https://www.youtube.com/@informburo31kanal?sub_confirmation=1
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты - https://www.youtube.com/playlist?list=PLn2OyECVOtB-Smnp7Tu1rILvq5wFDM23g
Бишімбаев ісі - https://www.youtube.com/playlist?list=PLn2OyECVOtB_FbllgPvsOq8eVgeS9z23D
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - https://www.youtube.com/playlist?list=PLn2OyECVOtB_MUhn2TPZ7THLuV8bACcf0
Жұмбақ өлімдер - https://www.youtube.com/playlist?list=PLn2OyECVOtB_rtU3U5fjx1aIHFojuZOJr

Бүгінгі шығарылымда:
Енді онлайн рәсімделген несие бірден шотқа түспейді. Дәлірек айтсақ, кредит сомасы 150 айлық есептік көрсеткіш, яғни 600 000 теңгеден асса, ақша тек 24 сағаттан кейін беріледі. Осылайша, заңға «суыту мерзімі» ұғымы енгізіліп отыр. Демек, бір тәулік ішінде тұтынушы қомақты қаржыны өзі рәсімдегенін растауы қажет. Бұл, әсіресе кейінгі жылдары өзекті проблемаға айналған онлайн-алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді дейді депутаттар.
Талап күн санап күрделеніп, түрлі жаңашылдықтар енгізілсе де, онлайн-алаяқтардың орына түскендер қатары сиреп жатқан жоқ. Әсіресе, егде жастағы қазақстандықтар жиі алданады. Бірақ енді бұл ілік те жойылатын секілді. Себебі, жаңа заң аясында несие алғысы келген азаматтар «электрондық үкімет» порталы арқылы келісім беруге тиіс. Тәртіп 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан отандастарымызға қатысты болып отыр.
Әрі, онлайн рәсімделген несиенің сомасы қомақты болса, бірден шотқа аударылмайды. Мәселен, тұтынушы сұраған ақша 600 мыңнан асса, «суыту мерзімі» тетігі іске қосылады. Яғни, несиеге өтініш берген кісіге шартпен танысып, қарыз алудан бас тартуға уақыт беріледі. Бастысы, бұл жаңашылдық алаяқтық әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді деді агенттік өкілдері. Өйткені, қаржы ұйымдары 24 сағат ішінде тұтынушыға хабарласуы тиіс. Ал, несиені алғаш рет алғалы отырған адам банк бөлімшесіне баруға міндеттеледі.
ОЛЖАС ҚИЗАТОВ, ҚР ҚНРДА Төрағасының орынбасары:
- Жаңа заң жобасы аясында біз алаяқтық несиелерді сотқа дейінгі тәртіппен есептен шығару тетігін енгізіп жатырмыз. Егер банктер не микроқаржы ұйымдары несие беру барысында заң талаптарын бұзса, борыш соттан тыс кешіріледі. Яғни, тұтынушының кеңсеге келуі, өз еркімен келісім беруі, «суыту мерзімі» секілді оңай дәлелденетін шарттар орындалмаса несие толық жойылады.
Ал, депутат Ғалиасқар Сарыбаев онлайн алаяқтықпен қоғам болып күресу керек деді. Мысалы, цифрлық технологияларды жете біле бермейтін қариялар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.
ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
- Қаржы институттарымен қалай жұмыс жасау керек, оларды өзінің келісімшарттарын толық оқуын, жаңағы өзіне керекті қаржыны алу кезінде қандай шарттарды білу керек. Осы жағына біз өзіміздің азаматтарымыздың білім арттыруымыз керек. Құқықтық білімін.
Сондай-ақ, бұдан былай әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар да несие ала алмайды. Өйткені, заңмен шектеу қойылып отыр.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 https://www.youtube.com/@informburo31kanal
Informburo kz https://www.youtube.com/@informburokz2022
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDmFd0G8l5LLZKA3o19
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?_t=8jqWjxPD6n8&_r=1
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Категория
Кредит онлайн
Комментариев нет.