Kaspi.kz ІІМ-мен және ЦДИАӨМ-мен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz мобильді қосымшасының көмегімен полицияға арызданып, жол көлік апаты, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да оқиғалар туралы хабарлауға болады.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Үздік Kaspi.kz қосымшасын 15 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. «Мемлекеттік қызметтер» сервисінің көмегімен сүйікті клиенттеріміз жүргізуші куәлігін ауыстырудан, автомобильді қайта ресімдеуден, цифрлық құжаттарды пайдаланудан және тұрғылықты жері бойынша тіркелуден бастап баланың туу туралы куәлігін алуға дейін көптеген күнделікті мәселелерді шешеді. Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, Kaspi.kz қосымшасында полицияға тез арыз беруге мүмкіндік жасадық. Жоба Ішкі істер министрлігінің, Цифрландыру министрлігінің және Kaspi.kz командаларының үйлесімді жұмысының арқасында жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметтерді дамыту – біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз және коммерциялық емес жобамыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз бірегей онлайн сервистерді жасаймыз, олар көптеген елдегі мемлекеттік қызметтермен салыстырғанда анағұрлым жақсы әрі ыңғайлы жұмыс істейді және азаматтарымыздың мақтанышы. Мемлекеттік органдарға бізге сенім артқаны үшін және мемлекеттік қызметтерді қазақстандықтар үшін бұдан да қолжетімді етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз!»
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сакен Сарсенов:
«Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында біз eGov Mobile қосымшасында азаматтарға тікелей полицияға арыздануға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервисті іске қостық. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына біріктіру механизмі пысықталды. Бұл адамдарға полиция бөлімшесіне өзі бармай-ақ, үйреншікті және ыңғайлы сервистер арқылы тез арада арыз беруге мүмкіндік береді. Бұл Kaspi-мен алғашқы бірлескен жобамыз емес екенін атап өткім келеді – біз халық үшін полиция қызметінің қауіпсіздігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған ынтымақтастықты біртіндеп кеңейтудеміз».
ЦДИАӨМ вице-министрі Ростислав Коняшкин:
«Kaspi.kz сияқты екінші деңгейдегі банктің қосымшасында сервисті іске қосу – оның ауқымын арттыру жолындағы қисынды қадам. Бұған дейін біз ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізбен бірге eGov Mobile қосымшасында сервисті іске қостық, оның аудиториясы 11 млн пайдаланушыны қамтиды. Іске қосылғаннан бері сервисті 100 мыңнан астам отандасымыз пайдаланды. Біз адамның аса маңызды қажеттілігіне – қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған осындай әлеуметтік маңызды сервистерді іске асырудағы оң үрдісті көріп отырмыз. Цифрлық өнімдер Қазақстанның азаматтарына қызмет етуі және олардың өмір сүру сапасын жақсартуы тиіс. Осыдан біз өз миссиямызды көріп отырмыз және біздің барлық жобамыздың басым бөлігі осыған бағытталған».
Kaspi.kz қосымшасының көмегімен полицияға қалай арыздануға болатыны туралы толығырақ Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.

- Категория
- Кредит наличными
Комментариев нет.