Елімізде енді проблемалық несиесі бар адамдарға қайта кредит берілмеуі мүмкін. Мұндай тыйым әсіресе телефонмен оңай рәсімделетін онлайн кредиттерге қатысты болмақ. Осылайша қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі несие беру шарттарына қосымша талаптар енгізбек. Мамандар қазір банктер мен микроқаржылық ұйымдар несие алушылардың қарыз бен табыс деңгейін ескермейді дейді.Сондықтан бұдан былай тек банктер ғана емес, несие алатын адамдардың идентификациясына қатысты талаптар да күшейтілмек.
Қазақстандықтардың банктер алдындағы қарызы 7 триллион 700 миллиард теңгеге жеткен. Бұл түрлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар арқылы тұтынушы несиесін рәсімдеген 7 миллионға жуық тұрғынның берешегі ғана. Қорқынышты статистиканы естіген депутаттар ақшаны халыққа қарызға оңды-солды таратып отырған банктерге талапты күшейту керек деді. Мәжілісмендердің пікірінше, тұтынушылық несиеге кеткен қыруар қаражат ел экономикасына жұмсалуы қажет.
НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
– Бұл халықтың жалпы мұқтаждығынан туындап отыр. Және беріліп жатқан қарыздың да мөлшері 56 пайыз жылдық ставкамен беріліп отыр. Агенттік болашақта осы тұтынушылық кредиттің көлемін азайтып, ол қаражатты нақты экономикаға жіберу бойынша қандай шаралар қабылдайды?
Ал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ең алдымен банктер мен микроқаржылық ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейтпек екен. Оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін шектеу шаралары да бар. Сөйтіп агенттік енді несиесін өтей алмай отырған азаматтарға екінші қайтара және онлайн кредит алуға тыйым салуды жоспарлап отыр.
МӘДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы:
– Бір банкте проблемалық кредиті бар мысалы оны жабу үшін микроқаржы ұйымына барады да жаңа кредит алады. Сол себептен уже проблемалық кредит туындаса, жаңа кредит беруге тыйым салуға ұсыныс біз енгіздік. Сонымен оның борыш жүктемесі өспейді. Бұл өте маңызды мәселе деп санаймыз.
Мадина Ерасылқызы мұндай тыйым тек тұтынушылық несие емес барлық кредит бойынша қарастырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ депутат Еділ Жаңбыршин премьер-министр Әлихан Смайыловқа елдегі ең ірі инвестициялық жобаларға бөлінетін мемлекеттің қаржысын екінші деңгейлі банктер арқылы айналымға жіберуді тоқтатуды сұрады. Халық қалаулысының сөзінше өткен жылы «Самұрық-Қазына» қорының жекеменшік банктердегі қаржы активтері мен ақшасы 5,9 триллион теңгені құраған.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
– Соңғы үш жылда әртүрлі жобаларға мемлекеттің кепілдігімен тартылған несие 2,2 триллион теңгені, ал үкіметтің алған қарызы 1,8 триллион теңгені құрады. Бұл инвестициялық жобаларға бөлінген ақшаның негізгі бөлігі екінші деңгейдегі жекеменшік банктерге орналастырылған. Жоғарыда айтылған қаржылардың бір триллион теңгесін бір жекеменшік банкке орналастыратын болсақ, бұл банк жылына кемінде 150 миллиард теңге табыс табады екен.
Осылайша депутат Үкіметтен мемлекеттік компаниялардың қаржысын тиімді пайдалану үшін жан-жақты талдау жасалып, тиісті шешімдер қабылдауды сұрады.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 https://www.youtube.com/@informburo31kanal
Informburo kz https://www.youtube.com/@informburokz2022
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

- Категория
- Кредит онлайн
Комментариев нет.