Еліміздің жетекші телеарналарында Kaspi.kz пен OYU-дың Nauryz Special бірлескен музыкалық жобасының жасалғаны туралы сюжет шықты.
Идея креативті продюсер Сабыр Жомарттың туған ауылында Наурыз мейрамын қалай тойланатыны туралы естеліктерінен туындады, сол кездегі көктемнің шуақты күндері, ән мен күй және ауызбіршілік ерекше сезілетін. Дәл осы сезім табиғаттың оянуынан бастап, мерекелік көңіл көтеруге дейін ойша саяхат жасау түрінде идеяның негізін қалады.
Музыкалық оқиға төрт композициядан тұрады: Ержан Жаменкеевтің орындауындағы «Бозінгеннің бүлкілі» күйі, әнші Yenlik-тің өзінің орындауындағы Роза Рымбаеваның «Көктем шақырады» атақты әні, Томирис Аббасованың биімен сүйемелденетін Steppe Sons-тен жаңартылған «Қамажай» және осы оқиғаның жарқын қорытындысы болған ALPHA тобының «Наурыз» әні.
Қоюшы-суретші Назира Байбекованың командасы Almaty Theatre сахнасын көктемгі пейзажға айналдырды. Безендіру үшін қолмен сары-жасыл реңктерге боялған 200 метр көгалды пайдаланды, ағаш пен матадан шағын тау мүсіндерін сомдады.
Жобаны жасауға 170-ке жуық әртіс, музыканттар, көпшілік көрініске қатысатын актерлер мен кәсіби хорға қатысатын адамдар тартылды.
Kaspi.kz жас буынды шабыттандырып, жарқын, маңызды бастамаларды жүзеге асыруға көмектесе отырып, мәдениетке, шығармашылыққа және ұлттық құндылықтарға қолдау көрсетеді.
Nauryz Special OYU мен Kaspi.kz-дің YouTube арналарында көрсетіледі: https://youtu.be/pHZKTuxLTu0

- Категория
- Кредит наличными
Комментариев нет.