Енді несие рәсімдеуге ниетті қазақстандықтар артық төлем нақты қанша сомаға айналатынын алдын ала біле алады. Себебі, банктер қарыз алушыға барлық комиссиясын ашып көрсетуге міндеттеліп отыр. Яғни, қаржы ұйымдары сайтында не мобильді қосымшасында онлайн калькулятор орналастырады. Ал, тұтынушы кредит алмас бұрын, керекті сомасын жазып, сыйақы мен өзге де алымдар қосылғандағы несие құнын көреді. Сәйкесінше, соған қарай шешім қабылдауы шарт.
Банктер мен микроқаржы ұйымдары тек өздеріне ғана оңтайлы тағы бір тетіктен айырылғалы отыр. Өйткені, бұдан былай жылдық тиімді сыйақы ставкасын анық әрі қанық бояумен жазуға міндетті. Яғни, шартта әдеттегі ұсақ қаріптер емес, бір қарағанда көзге ілінетін сандар тұрады. Бұл тәртіп сайт пен мобильді қосымшаларындағы жарияланым, жарнамаларына да қатысты болмақ. Бастысы, банктер несие құнын алдын ала білуге мүмкіндік беретін онлайн-есептегіш ұсынуға тиіс. Сәйкесінше, әр тұтынушы барлық алымдар қосылғандағы артық төлемді өз бетінше тексереді.
Бұл талап тұтынушылардың құқығын қорғауға ықпал етеді – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері. Әрі қаржылық қызмет шарттарының ашықтығы артпақ. Себебі, тұрғын алған ақшасының үстінен нақты қанша теңге артық төлеуі керектігін біліп отырады. Һәм соған қарай шешім қабылдайды.
ОЛЖАС РАМАЗАНОВ, ҚР ҚНРДА баспасөз хатшысы:
- Тұтынушы қарызды рәсімдемес бұрын, оның толық құнын алдын ала көріп, шешім қабылдайды. Жеке және заңды тұлғаларға арналған қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі есебіне қарызды беру мен қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ сақтандыру компанияларының, кепіл берушілердің, бағалаушылардың және делдалдардың кредит беру шарттарына әсер етсе, олар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Яғни, агенттік қаржы нарығында ақпаратты жариялаудың бірыңғай стандартын қалыптастыруды көздеп отыр. Осылайша, енді жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарызды беру мен қызмет көрсетуге қатысты барлық комиссияларды біріктірмек. Оның ішіне несие есебінен өтелетін сақтандыру төлемдері кіреді. Айта кетейік, өзгерістер 18 қазан күні күшіне енбек.
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

- Категория
- Калькулятор кредита
Комментариев нет.